«Бұл шаралар тек демалыс күндері ғана болады. Дүйсенбіден бастап әдеттегі режимге көшеміз. «Неге тек екі күнге жабасыздар?» деген сауалды көп қояды. Жүргізілген талдауға сәйкес, халық демалыс күндері вирусты жиі жұқтырады. Жұмыс күндері қоғамдық тамақтану орындарында, дүкендер мен сауда орындарында көп кезек болмайды. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермес үшін осындай шаралар қабылданды», - деді С.Тұяқбаев.
Айта кету керек, әкімдік бүгін вирус таралу қаупі жоғары саналатын нысандарды демалыс күндері жабу туралы шешім қабылдады.
Оған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі осындай қаулы қабылдаған болатын.