Халық өткізетін сүттің 90 пайызына сенім жоқ - Сүт одағы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Сүт одағы елдегі ақ тағамның қауіпсіздігін арттырудың жол картасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылдың1 қаңтарында Кедендік одақ аясына өнімдер енгізудің 21 және 33-техникалықрегламенттері Қазақстан аумағында да күшіне енеді. Оның бірі тамақ өнімдерініңқауіпсіздігін реттесе, екіншісі сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігінқамтамасыз етуі тиіс. Бұған дейін аталмыш регламентті енгізу Қазақстан үшінкейінге шегеріліп келген болатын. Осышегеру мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстанның сүт одағы сүт өнімдерінің қауіпсіздігін арттыруғабағытталған жол картасын ұсынып отыр.

«Бұл құжаттыАуыл шаруашылығы министрлігінің барлық тиісті құрылымдары мақұлдады. Жолкартасын дайындаудағы мақсатымыз – отандық сүт өнімдерін шетелдік баламаларыменбәсекеге қабілетті деңгейге көтеру», - дейді Қазақстан сүт одағының атқарушыдиректоры Владимир Кожевников.

Сүт одағыныңөкілі ақ өнімдердің қауіпсіздігі бойынша ұйымдасқан шаруашылық құрылымдар менкәсіпорындарға ешқандай сын таға алмайтынын айтады. Ал қосалқы шаруашылықтарғасенім азайған.

«Қазақстанда150-ден астам сүт өңдеуші кәсіпорын бар. Олар жыл сайын 1,5 млн тонна шикізатқабылдайды. Оның тең жартысын ұйымдасқан қожалықтар мен сүт фермалары берсе,екінші жартысын қарапайым халық өткізіп отыр. Осы халық өткізетін сүттің 90пайызына сенім жоқ. Өйткені, ауылдағы ел осыдан 300 бұрын сиырды қалай сауса,әлі күнге дейін солай істеп келеді. Ал 300 жылда экология да, жемшөп базасы да,технология да өзгерді. Осының бәрі қосалқы шаруашылықтар өткізетін сүттіңқауіпсіздігін құбылтып тұр. Түрлі індеттер мен микробтар, улы химикаттар малғаегілген дәрі арқылы сүтке түсіп жатыр», - деген Владимир Кожевников бұл іскеБҰҰ-ның Азық-түлік жәнеауыл шаруашылығы ұйымының мамандары тартылғанын айтады. Осылайша БҰҰ қолдауыарқылы сүт өндіру қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін роликтер менмультфильмдер арқылы елге насихаттау жобасын қолға алынған.

Жол картасыекі кезеңде жүзеге асырылмақ. Бірінші кезеңде, яғни, 2020 жылдың басына дейінСүт одағына мүше кәсіпорындар осы жол картасы бойынша жұмыс істеп бастайды. Алекінші кезеңде, яғни, 2021 жылға дейінқалған сүт өңдеуші кәсіпорындары жол картасына қосылатын болады.

«Жол картасысаланы жетілдіру тетіктерін бір арнаға тоғыстыратын құжаттар кешені ғана. Бұлкарта ауыл халқын сүт өткізуге немесе кәсіпорындарды елден сүт қабылдауға тыйымсалмайды», - деді Владимир Кожевников.

Соңғы жаңалықтар