Кездесу барысында олар сайлауалды бағдарламасының негізгі тұжырымдамасын түсіндіріп өтті. Жұмысшылар құқығын қорғайтын тәуелсіз кәсіподақтарға қолдау көрсету керектігін атап өтті.
Кейін кандидаттар қала тұрғындарымен де кездесу өткізді. Сайлаушылармен болған кездесуде партия мүшесі халықтың көп бөлігін толғандырып отырған өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, тегін білім, медицина, тұрғын үй және тағы да басқа мәселелер көтерілді.
Кездесу барысында Г.Нұғманова Қазақстанда азаматтардың жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру сапасының ең төменгі стандарттарын заңнамалық түрде бекіту қажет екенін атап өтті.