«Қаңтар айында конституциялық реформа жасау туралы бастама көтергенімді білесіздер. Осыған орай тиісті заң жобасы дайындалып, өткен бір ай бойы бүкілхалықтық талқылаудан өтті. Оған барлық саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ғылыми және шығармашылық бірлестіктер, белсенді азаматтар бәрі де атсалысты. Қоғамдық саяси ортада 2 мыңнан астам, ғылыми-шығармашылық ортада 50-ден астам республикалық деңгейдегі басқосу өтті. Өңірлерде конституциялық реформаға қатысты 10 мыңға жуық шара өткізіліп, оған 2 миллионнан астам адам қатысты. Мәселе ақпарат құралдарында қызу талқыланып, өздеріңіз естігендей 6 мыңға жуық жаңа ұсыныс енгізіледі. Телеарналар әркімнің конституциялық реформаға қатысты ойларын ашық білдіру үшін толық мүмкіндік жасады», - деді ҚР Президенті.
Осы ретте Мемлекет басшысы кейбір баптар азаматтардың ерекше назарын аударып, үлкен қоғамдық резонанс тудырғанын баса айтты.
«Жалпы, ұлттық талқылау барысында 6 мыңнан астам ұсыныс жиналды. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген елімізде сөз бар. Бұл пікірлер бізде әлі де түйіні тарқамаған түйткілдер бар екендігін айқын көрсетті. Ұсыныстардың көпшілігі топталып, Конституция үшін керек баптары қабылданды және де көп ұсыныстар заңдарға өзгеріс жасау мәселесіне қатысты болады. Оны Үкімет жағынан және сіздер қарайтын боласыздар. Оларды кейінірек қарастыруға болады. Сонымен қатар алдағы жұмыстардың қандай болуы керек екендігін айқындап берді. Менің тапсырмам бойынша жұмыс тобы ұсыныстардың маңыздыларын ескере отырып, тиісті заң жобасын дайындады. Ол заң жобасын біз менің төрағалыммен жұмыс тобының отырысында талқылағынымызды, қорытындысын жасағанымызды білесіздер», - деді Елбасы.
10:59, 03 Наурыз 2017
Халық пікіріне қарап, әлі де түйіні тарқамаған түйткілдер барын көруге болады - ҚР Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Конституциялық реформаға қатысты пікірлер бізде әлі де түйіні тарқамаған түйткілдер бар екендігін айқын көрсетті. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.