Халық Президенттiң идеяларына iлесе бiлуi тиiс - «Болашақ» стипендиаты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 наурыз күні «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылып, делегаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Астана қаласының тұрғыны, «Болашақ» стипендиясының иегері, инженер Еркебұлан Исабеков бұл еліміздің болашағы үшін маңызды шешім болды деп есептейді.

«Елбасының мемлекеттiк қызметтi, билiктi реформалау туралы тапсырмалары барша Қазақстан қоғамының жаңаруына жол ашады. Себебi, мемлекеттiк iстерге, билiктiң тұрпатына қарап, бүкiл ел бой түзейдi. Жалпы, халық Қазақстан Президентi ұсынған барлық бастамалар мен идеяларға икемделе бiлуi шарт. Себебi, оның ұшқыр да жарқын көзқарастарына iлесу қиын, ол бiр емес, бiрнеше буынның атқаратын жүгiмен пара-пар », - дейдi ол «ҚазАқпарат» тiлшiсiне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Елбасының «Болашақ» бағдарламасының өзi оның көреген басшы екендiгiн көрсетедi. Сол бағдарлама аясында оқып келген Е. Исабеков бүгiнде әскери қару жарақ жасайтын «Қазақстан Әселсан инжиниринг» зауытында бас инженер болып қызмет iстейдi.

«Тоқсаныншы жылдары, елдiң қиын-қыстау заманында «Болашақ» бағдарламасын ашу - үлкен саяси ерлiк болды. Елбасы сол кезде-ақ шетелде бiлiм алған жастардың ертең ел экономикасының дамуына қыруар үлес қосатынын бiлдi. Талапты жастарға шетелде оқуға мүмкiндiк берген қай елдiң басшысы бар тағы?! Көрегендiк емей немене?! Мен Англияда инженерлiк оқу бiтiрiп келдiм. Бес тiлде еркiн сөйлеймiн. Қазiр елде бұрын-соңды болмаған өндiрiсте жұмыс iстеп, бұрын-соңды шығармаған өнiмдi жасап шығаруға үлесiмдi қосып жатырмын. Бiз жасаған отандық тауарлар шетелге экспортталып отыр», - дедi ол.