Халық санағы: Алматыда мамандандырылған орталықтар ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Елімізде Ұлттық халық санағы басталуына орай Алматыда мамандандырылған орталықтар ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн формат қала тұрғындары үшін www.sanaq.gov.kzмамандандырылған веб-сайтында қолжетімді (санақ веб-сайтына egov.kz сайтынан және мемлекеттік органдардың сайттарынан, Aitu қосымшасы арқылы кіруге болады), онда Sanaqman виртуалды көмекші респонденттерге онлайнда өзіңізге және сіздің отбасы мүшелеріңізге сауалнаманы толтыру бойынша түсініктеме бере алады.

Алматылықтарды халық санағына белсенді қатысуға шақырады. Өйткені бұл деректер жергілікті атқарушы органдарға бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуде, оның ішінде көші-қон мәселелерін шешуде маңызды көмек болады.

Алынған мәліметтер жаңа мектептер, балабақшалар, емханалар мен басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысын қаржыландыру туралы шешім қабылдаған кезде ескерілетін болады.

Санақ кезеңінде алматылықтар Ұлттық санақтың сауалнама сұрақтарына ыңғайлы онлайн форматта немесе үй жайларды аралау кезінде дәстүрлі форматында жауап бере алады.

Дербес санау сайты респонденттің орналасқан жеріне қарамастан 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 15 қазанына дейін тұрғындарға 24 сағат бойы қолжетімді болады.Тұрғындардың үйлерін аралап үздіксіз сауал салу дәстүрлі форматы ағымдағы жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейін электронды планшеттер арқылы сұхбат алушылармен сауал алу арқылы өтеді.

Онлайн санақтан өту мүмкіндігі 45 күнмен шектелгендіктен, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың әр ауданының ірі сауда және ойын -сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, ХҚКО-да, пошта бөлімшелерінде, мектептерде және тағы басқа жерлерде мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін мамандандырылған санақ орталықтарын ашуға тапсырма берді.

Санақ пункттері онлайн сауалдан өтуге ыңғайлы болу үшін арнайы ұйымдастырылған, мұнда сауалнаманы толтыру процесін жеңілдетумен қатар, респонденттер өз денсаулығының қауіпсіздігі үшін де алаңдамайды, өйткені сұхбат алушылар вакцинацияланады және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Санақтан өткеннен кейін респондентке коды бар СМС хабарлама келеді, ол міндетті түрде сақталуы қажет және қазан айында дәстүрлі үйлер мен пәтерлерде сізге келетін санақтың сұхбаталушыларына ұсынылады.

Онлайн санақ кезеңінде ұялы нөмірлерден 8-8000800878 және тіркелген телефондар үшін 1446 бірыңғай байланыс орталығында барлық санақ мәселелері бойынша тегін кеңес беру қарастырылған.