ОРАЛ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Кеше Ұлттық халық санағы Батыс Қазақстан облысында да мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Болтай Әлімбаеваның айтуынша, өңірде 63 санақ бөлімі құрылып, 2019 есепші еңбек етті. Сондай-ақ 501 нұсқаушы-бақылаушы болса, олардың жұмысы әлі біте қойған жоқ. Олар наурыздың 16-сына дейін санақтан өткендердің кемінде 10 пайызын қамтып, тұрғындар санын нақтылайтын болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).