Халық санағы: Қарағанды облысында түрмелерде және тергеу абақтыларында отырған 8 мыңнан астам адам есепке алынды

None
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында түзету мекемелері мен уақытша оқшаулау абақтыларында отырған азаматардың барлығы есепке алынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасына сілтеме жасап.Әділет министрлігінің нысандарында Ұлттық халық санағын өткізудің реті министрлік пен Статистика агенттігінің бірлескен бұйрығымен бекітілген болатын. Қарағанды облысында 10 түзету мекемесі мен екі абақты бар. Солардың әрқайсысында нұсқаулық учаскелер ашылды. Мекемелерде санақ жүргізуге барлығы 127 адам: 54 нұсқаушы-бақылаушы мен 73 санақшы жұмылдырылды. «Ақпанның 25-індегі жағдай бойынша аймақтың түзету мекемелері мен абақтыларында 8161 адам отырған, олардың 7643-і - сотталғандар, 518-і - тергеудегілер. Аталған санаттағылардың барлығы толығымен есепке алынды. Санақ жүргізу барысында ешқандай проблемалық мәселелер туындаған жоқ»,- деп хабарлады комитеттің облыстық басқармасынан.