Халық санағынан әр азамат тысқары қалмауы тиіс ? ардагер пікірі

None
ОРАЛ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Алдағы Ұлттық халық санағынан әр азамат тысқары қалмауы тиіс. Бұл туралы Орал қаласында тұратын облыстық ардагер журналистер үкіметтік емес ұйымының төрағасы Орынбай Жәкібаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Зейнеткердің пікірінше, санақшылар да өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы керек. Олар үй басқармаларынан қай үйде қанша адам тұратынын жазып алумен шектелмей, әр мекенжайды аралап шығуы қажет. Себебі, қазір қалада тіркелімі жоқ, пәтер жалдап тұратындар бар, тіпті саяжайды мекендегендер де баршылық. Санақ кезінде кімнің қайда тұратыны, қай елдің азаматы екендігі ? бәрі-бәрі есепке алынуы шарт.