***
«Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санында «Халық сайлауды жақсы қабылдады» деген мақала берілген. Кеше Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП-ның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында Б.Байбек партияның «Қазақстан - 2050» Стратегиясын түсіндіру және іске асыру жөніндегі жұмысы, «Нұр Отан» ХДП XV съезіне дайындық барысы және саяси Доктрина жобасын әзірлеудің аяқталғаны туралы баяндады. Партия Төрағасының бірінші орынбасары «Нұр Отан» ХДП-ның бастамасы бойынша Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысы өткеніне тоқталды. Оның қорытындысында жетекші саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер елімізде жүргізілген жергілікті өзін-өзі басқару және әкімшілендіру жүйесі реформаларына қолдау білдірді.
- Жалпыұлттық коалицияның отырысы барысында біз барлық партиялармен сайлаудың ашықтығы және заңдылығы туралы мониторинг жасау, оларға жергілікті маңызы себебінен партиялық тұрғыдан басымдық берілмейтіні жөніндегі уағдаластыққа қол жеткіздік. Жалпы айтарлықтай тәртіп бұзушылықтар тіркелген жоқ, халық сайлауды жақсы қабылдады, - деді Б.Байбек. «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары партия жұмысының негізгі пішімі жаңартылғаны туралы да хабардар етті.
Бұдан бұрын Республикалық конкурстық комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша 30758 адам білім беру гранттарының иегері атанғанын, оның ішінде қазақ бөліміне - 21064, орыс бөліміне - 9694 адам білім гранттарына ие болғанын хабарлаған болатынбыз. «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында 2013 жылғы білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланып отыр.
***
«Шыңжаң газеті» қазақ редакциясы бөлімінің редакторы Жайырбек Мұхаметханұлы бағдарламаның газеттік нұсқасын авторлар рұқсат етсе, баспаға дайындап беруге әзір екенін мәлімдеді. «Сондай-ақ мақалаларды көшіріп басып, ұлттық классикалық өнерімізді Аспанасты елінде насихаттауға белсене кірісетінін айтып, сүйінші хабар жеткізді. Әріптесіміз осыған дейін «Айқын» газетінің «Танымал әннің тарихы» айдарын Қытайдағы «Халық» баспасынан шығарып, көпшілікке таратқан болатын», - деп жазады «Айқын» газеті «Телқоңыр кітап болып шықпақ» деген мақалада.
Осы басылымда «Өскемен өзгеріп келеді» деген мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр. Шығыстың өркениетті де өндірісі дамыған аймағы Өскемен бүгінде өзгеше реңкке баянып, барынша дамып келеді. Шаһар халқының тұрмыс-тіршілігі де жақсарды. Өндіріс көлемі артып, 312,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен садыстырғанда, қомақты, 9 пайызға көп.Бұл жайында толық білгіңіз келсе, газеттің бүгінгі санын қарап шығыңыз.