Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Отырыста өкілетті мемлекеттік органдардың «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеу, сондай-ақ ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысында белгіленген міндеттерді іске асыру жөнінде қабылданып жатқан шаралар қаралды.
Бағдарламаның басты мақсаты - озық әдіснама мен әдістеме негізінде Қазақстанның тарих ғылымының сапалық серпілісі, қазақ халқының ұлттық тарихы көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ еліміздің қазіргі заман тарихының жиырма жылдығын зерделеу үшін жағдай жасау.
Кездесу қорытындысы бойынша ұлттық тарихты жан-жақты зерттеу жөнінде ғылыми-зерттеушілік, оқу-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық жұмыстарды түрлі бағыттар бойынша ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.