Халық вакцина жайлы шындықты білгісі келсе, сарапшыларға құлақ асуы керек – Ләззат Ералиева

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева коронавирус вакцинасы жайлы шын ақпаратты білгісі келетін адамдар сарапшыларға құлақ асуы керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең алдымен, вакцина деген дәрі емес екенін атап өткім келеді. Ол инфекциялық ауруларды емдемейді. Бірақ тарихқа көз жүгіртіп қарайтын болсақ, әлем ауыр індеттерден вакциналаудың арқасында ғана арылған. Бір сөзбен айтқанда шешектен де, полиомиелиттен де вакцина құтқарған. Ал қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына қарсы түрлі «аңыздар» да, әңгімелер де тарап жатыр. Бүкіл халық ол жайлы шынайы ақпаратты білгісі келсе, халықаралық және отандық сарапшыларға құлақ асуы керек», - деді Ләззат Ералиева орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, коронавирус вакцинасы – басқа вакциналар секілді иммунды-биологиялық препарат.

Сондықтан вакцина салдырған адамның бойында қысқа мерзімдік жағымсыз белгілер болуы мүмкін.

«Бүкіл әлемде шығарылып жатқан коронавирус вакциналары құрамдары жағынан әртүрлі. Бұл вакцина адамға салынған кезде ағзада антидене және ммундық реакция пайда болады. Адам бойында вакцина әртүрлі деңгейде өтуі мүмкін. Вакцина салдырған адамда тек жағымсыз белгілер пайда болады деген пікір де - қате. Вакцинадан кейінгі қалыпты және қалыптан тыс жағдай деп қана қарау керек. Вакциналаудан кейін адамдардың көбі ештеңе сезбей жүре береді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар