«Халық заңгері»: елордада адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері қала тұрғындарына құқықтық кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 16 қыркүйек күні «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Халық заңгері» республикалық әлеуметтік науқанның ауқымына ие болды. Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері қала тұрғындарының барлық сұрағына жауап беріп, ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан көмектесетін болады.

Акцияны ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «ZAKON.KZ» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар және де еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары.

Нұр-Сұлтан қаласында іс-шара мына мекенжайда өткізіледі: Кенесары көшесі 32, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, 1 қабат. Басталуы: сағат 16:00.

Айта кетейік, аталмыш акция еліміздің барлық қаласында ұйымдастырылады.