Халық Жоғарғы сот төрағасына қарсы шықты

None
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Непал астанасы Катманду қаласында жүздеген адам Жоғарғы сот төрағасы Хил Радж Регмидің уақытша Үкімет башысы қызметіне келуіне наразылық білдіріп, шеруге шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Бүлікшілерді тарату үшін жергілікті полицейлер таяқ қолдануға мәжбүр болды. Жауап ретінде шерушілер тәртіп сақшыларына тас лақтырды. Осының салдарынан 6 полицей мен тағы бірнеше адам жарақат алды. Айта кетейік, осы аптада сот басшысы алдағы үш ай ішінде Премьер-Министр қызметін атқаруға ант қабылдаған болатын. 64 жастағы Х.Р.Регмидің кандидатурасын елдегі басты 4 саяси партия қолдап отыр. Ал оған жүктелген міндет - Непалда жаз айында өтетін парламенттік сайлауды өткізу. Жалпы 2012 жылдың мамыр айынан бастап елдегі парламент қызметін тоқтатқан болатын.