Халық жыршысы Нартай Бекежановтың туғанына 120 жыл толуына арналған өнер кештері жалғасуда

None
ЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында халық ақыны, әнші және сазгер Нартай Бекежановтың туғанына 120 толуына арналған мәдени-көпшілік шаралары жалғасын табуда. Сондай өнер кешінің бірі дарабоз талант иесінің туған жері - Шиелі ауданында өтті.

Соңында өлмес мұра, айтулы өнер мектебін, өзіндік мақам сазын қалдырып кеткен Нартайдың бұл кешін осындағы «Қазөнеркәсіп» және «Демеу-Шиелі» филиалдары өз қаржыларымен ұйымдастырып, «Арман» мәдениет үйінде өркен жайдырды. Шара барысында Н.Бекежанов мұрағатының директоры Бөрібай Қоңқабаев кеш қонақтарын халық өнері тарланының өмірбаяны және шығармашылығымен таныстырса, ҚР Мәдениет қайраткері Құрманбек Бекпейісов пен шәкірттері оның әндері мен жырларын нақышына келтіре орындап, жиналғандардың құрметіне бөленді.