Халықаралық ахуал бойынша екі елдің арасындағы ұстаным түсіністікке негізделген - Қазақстан Президенті

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Халықаралық ахуал бойынша екі елдің арасындағы ұстаным түсіністікке негізделген.

Бұл туралы бүгін Ақордада Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шангпен өткен кеңейтілген құрамдағы келісссөзден кейінгі брифингте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Халықаралық жағдай бойынша екі елдің арасындағы ұстанып отырған саясат бір-бірімен өте түсіністікке негізделген. Сондықтан да, Президент мырзаның осы сапары Қазақстан-Вьетнам арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейге шығарады деген сенімдемін», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасы, Вьетнам тарапы Қазақстанда 2017 жылы «Экспо» көрмесін өткізу бойынша қолдау жасау жөнінде келісім болғандығын жеткізді.

«Мәдени-гуманитарлық тұрғыда алып қарасақ, бүгіннен бастап Вьетнам мәдени күндері Қазақстанда өтіп жатыр. Ал Қазақстан күндері Вьетнамда өтетін болады. Сондықтан да, Вьетнам Социалистік Республикасы Президентінің Қазақстанға сапары өте нәтижелі, өте ауқымды болды деп есептеймін», - деді Н. Назарбаев.

Айта кетейік, Қазақстанның Вьетнамдағы мәдени күндері 2013 жылы өтеді.