Халықаралық алғыс күні: Құтқарушыларына рахмет «айтқан» хайуанаттар оқиғасы
Алматы зообағына өткізілген бірқазанның оқиғасы көпшілікті таңғалдырды
Осыдан үш ай бұрын жылы жаққа ұшып бара жатқан жас бірқазан, Қостанай маңындағы Затобольск саяжайларының біріне қонақтаған. Кейіннен ауласындағы экзотикалық құсты көрген Лена Зеленова оның ұша алмайтынын да байқайды. Құсты жылы үйге кіргізіп, тамақтандырып, қыстап шығармақшы болған екен. Алайда үйде жабайы құсты бағу мүмкін еместігін түсінген соң, ол бірқазанды Алматы зообағына тапсыруға бекінеді.
Құстың Алматыға жету оқиғасы бірқатар БАҚ-та жарияланған болатын. Бақылдауық бірқазан Алматы-Қостанай бағытындағы пойыздың ішін у-шуға да бөлеген еді.
Бүгінде Халиф есімді бірқазан басқа туыстарына қосылды. Мамандардың айтуынша, бірқазандар адамдарға тез үйренеді, көп жатырқамайды.
Өз құтқарушысын аймалаған аққу
Британ тележүргізушісі Ричард Виз Абботсберри қорығында серуендеп жүріп, балдырға шырмалып қалған аққуды көреді. Ричард бірден құсқа көмектесіп, оны тұзақтан босатқан. Алғыс ретінде аққу өзінің құтқарушысының мойнына оралып, аймалаған.
«Жабайы жануардың маған бірден кеудеме орала кеткені өте таңғаларлық жағдай. Ол мені мүлде жатсынған жоқ», - деді британ азаматы.
Құтқарушысына күн сайын алғыс айтатын бұғы
Норвегияның батысында бір отбасы жабайы бұғыны аңшылардың қудалауынан құтқарып қалған. Жануар сол жақсылыққа алғыс ретінде бұл үйге күнде келіп тұруды әдетке айналдырыпты. Отбасы мүшелері бұғыға қорек беріп тұрады екен. Ал ол болса күн сайын терезеге келіп, бәрі оянғанша күтетін көрінеді. Бұғы нанды өте жақсы көреді, сондықтан жергілікті дүкеншілер оған 1-2 нанды алып қалатын көрінеді.
Қосаяқ
Ягуар