Қазақстанның және өздерінің сүйікті командаларының жалауларын ұстаған жанкүйерлер велошабандоздар әр айналымнан өткен сайын оларға қол бұлғап, жалауларын желбіретіп, қызу қолдау көрсетіп жатыр.
Сонымен қатар, белсенділік аймағында арнайы сахна жасалып, оған үлкен LED-экран орнатылған. Одан жанкүйерлерге және көрермендерге «Eurosport» спорттық телеарнасынан тікелей трансляция жүргізілуде. Комментатор - аталмыш арнаның белгілі комментаторы Сергей Курдюков.
Сондай-ақ бүгінгі жарысты тамашалауға жиналған мыңнан астам адамға белсенділік аймағында концерттік бағдарламалар, қызықты викториналар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Оның үстіне бұл жерде велотренажерлерде тегін жаттығуға және велоспортқа қатысты киімдер сатып алуға болады.
Ал жарыс бағытында жол жиектеріне және жол үстіндегі көпірлерге жиналған басқа да адамдар, студенттер велошабандоздарға барынша қызу қолдау көрсетуде.