НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2003-2019 жылдар кезеңінде Қазақстанға қарсы талап-арыз сомасы 24 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2003-2019 жылдар кезеңінде Қазақстанға қарсы талап-арыз сомасы 24 млрд АҚШ долларын құрады. 19,7 млрд доллар сомасында мемлекет мүддесі қорғалды», - деді министр онлайн режимде халық алдында есеп беру барысында.
Оның сөзіне қарағанда, 2003-2019 жылдар аралығында 26 дау аяқталды. Оның ішінде 16-сы Қазақстан пайдасына шешіліп, үшеуі елімізге қарсы, сондай-ақ жетеуі бейбіт жолмен реттелді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.