Халықаралық армия ойындары: Алғашқы жеңіс қазақстандықтарға бұйырды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық команда Халықаралық Армия ойындарының алғашқы жеңімпазы атанды. Мәскеу облысында өткен «Адал дос» байқауында біздің кинологтар командалардың рейтингі жоғары өкілдерінің арасындағы жеке біріншілікке талас ойындарында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Чемпиондаржарысы» кезеңі аясында кинолог, әскери полиция ефрейторы Мағжан Жаңабеков лақапаты «Арно» деген қызметтік итпен 6 минут 6 секунд ішінде 1600 метр қашықтықтыеңсеріп, атыс шебіндегі барлық нысанаға дәл тигізді.

Байқаулардыңалғашқы кезеңдерінің нәтижелері бойынша қазақстандық командалар үздік үштіктіңқатарында келе жатыр.

Мәскеуоблысындағы «Алабино» полигонының «Танктік биатлонында» біздің танкистержарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша өз тобында бірінші орынды сақтапкеледі. Экипаж 21 минут 50 секунд уақытымен үздік нәтиже көрсетті.

Рязаньдаөткен «Авиадартс» байқауының бірінші кезеңінде біздің әскери ұшқыштар үздікдайындықтарын көрсетті. Су-25 жойғышының, МИ-35 және Ми-171Штікұшақтарының экипаждары алғашқы орындыиеленсе, Су-30СМ жойғышының ұшқышы үшінші орынды еншіледі.

Брестқаласында (Беларусь)өткен байқауға қатысушы қазақстандық мергендер үздіктер үштігіне табан тіреді.Қазір олар жеке есеп қорытындысы бойынша үшінші орында келе жатыр.

Сондай-ақ,Моңғолиядағы оқу полигонында Қазақстанның әскери қызметкерлерінен құралғанкоманда жаңа «Атты марафон» байқауында үшінші орынды иеленді.

Арменияеліндегі «Соғыс және бейбітшілік» байқауының қатысушылары әскери-медициналықдайындықта бақ сынасты. Біздің команда кезеңді үшінші орынмен тәмамдады.

Ескесалайық, қазіргі таңда бір уақытта 10 елде Халықаралық Армия ойындарының 32байқауы өтуде. Оған 39 елден 223 команда қатысып жатыр. Біздің әскериқызметкерлер 16 байқаудан сайысқа түсуде.