Халықаралық Әскери ойындарда қазақстандық сарбаздар үш "алтын" алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Халықаралық Армия ойындары шеңберінде өткізілген «Артиллериялық атыс шеберлері», «Сұңқар салу» және «Сенімді қабылдау» сайыстарында жеңіс тұғырынан көрініп, алтынды қанжығаға байлады. Бұл туралыҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақ сарбаздары «Артиллериялық атыс шеберлері»байқауында алғашқы алтынына қол жеткізді. Жеке жарыс, түнгі спринт жәнеэстафета кезеңдерінен тұратын сайыс күндізгі және түнгі уақытта өтті. Жарысқақатысушылар белгілі бір бағытты жүріп өтіп, пулемет, автомат және гранатаатқыштан, сондай-ақ миноатқыштан оқ атты. Түнгі уақытта нысананы көздеуге түнгікөру құралдары пайдаланылды. Ақтық эстафетада еліміздің мина ату бойыншакөрсеткіштері жоғары бағаланып, Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді.

Жеңіске жету туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығыәскерлері қолбасшысының оқ ату бойынша орынбасары, команда жаттықтырушысы,полковник Дәурен Есқожин: «Жеңіске бірнеше ай бойы тынбай жүргізген дайындық,команданың үйлесімді жұмысы, мықты жауынгерлік рух, табандылық пен айқын мақсатжетеледі. Сондықтан бұл қазақстандық артиллеристердің еңбегінің жеңісі»,-дейді.

Үздік нәтиже көрсеткен келесі байқаудың бірі –«Сенімді қабылдау». Жарыста әскери байланыс қызметкерлері радиограмма арқылыбайланысты ұстап, Морзе әліппесімен хабарламалар жіберіп, түнде жарық берубелгілерін қалта шамы арқылы көрсетті. Ал соңғы мәреде сайыскерлер кез келгентәсілмен байланысты орнатып, қажетті дабылды жіберуі тиіс. Бұл орайда біздіңқұрам бірінші кезеңде-ақ бірден басымдық танытып, сайыстың барлық кезеңдеріндеүздік көрінді.

Елімізге тағы бір жеңісті сыйлаған – «Сұңқар салу»байқауы. Бұл үш кезеңнен тұратын сайыс. Бірінші кезең – ұшқышсыз ұшу апараттарының дайындығы жәнекүндізгі әуе барлауы, екінші кезең – биіктеп ұшу, әуе барлауы және түндеартиллерия оқтарын қалыпқа келтіру деп аталады. Мұндағы шешуші кезеңде әр елденүш ұшқышсыз ұшу құрылғылары алма-кезек іздеу, анықтау және нысандардың координаттарынбелгілеу тапсырмаларын орындады.

Айта кетерлігі, биыл елімізде өткен Халықаралық Армияойындарына Ресей, Қытай, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан,Тәжікстан, Армения, Иран, Сирия, сонымен қатар Венесуэла және Зимбабвемемлекеттері Қарулы Күштерінің әскери шеберлері қатысты.

Аталған үш байқаудың жеңімпаздары мен сайысжүлдегерлерін марапаттау 15 тамыз күні «Отар» әскери полигонында АрХО-2019салтанатты жабылу рәсімі аясында өтеді.

Соңғы жаңалықтар