Агенттіктің мәліметіне қарағанда, жалын жанармай қоймасынан шыққан. Әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы деректер түсе қойған жоқ.
Кениялық Star газетінің жазуынша, өрт әуежай қызметіне, яғни ұшақтардың ұшып-қонуына онша бөгет болмаған сыңайлы.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатыр.