Алматы халықаралық әуежайында кедендік бақылаудан өткеннен кейін, «Шарджа - Алматы» әуе рейсін тіркеу барысында қолға түскен күдіктінің жүктерін қайта тексеру кезінде қол сөмкесінен кедендік рәсімдеуден өтпеген 94 дана иіс су, сары металдан жасалған 18 дана білезік, 7 дана сырға, 8 дана шолпы және 4 дана әйелдерге арналған ашық түсті тастары бар сақиналар, 22 дана әртүсті тастардан әшекейленген доңғал сырға және 1 дана ерлерге арналған қол сағаты табылды. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда бұл жәйт бойынша тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.
19:26, 23 Ақпан 2012
Халықаралық әуежайда ел аумағына әшекей бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған азаматша ұсталды
АЛМАТЫ. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше қалалық Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 1974 жылы туылған бір азаматшаны ұстады.