Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайтында ақпарат таратылды. Белгілі болып отырғандай, ерлер ауыр атлетика спортында бұдан былай 55 келіге дейін, 61, 67, 73, 81, 89, 96, 102 және 109 келіге дейін, 109 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін болады. Олардың ішінде Олимпиада ойындарына: 61, 67, 73, 81, 96, 109 келіге дейінгі және 109 келіден жоғары салмақтар енеді.
Ал әйелдер бұдан былай ауыр атлетикада 45, 49, 55, 59, 64, 71, 76, 81, 87 келіге дейінгі және 87 келіден жоғары салмақ өз елдерінің намысын қорғай алады. Ал бұл салмақтар ішінде Олимпиада ойындарына 49, 55, 59, 64, 76, 87 келіге дейінгі және 87 келіден жоғары салмақтар енеді.