Халықаралық авиация комитетінің комиссиясы Бішкектегі Boeing апатын тексеруді бастады

БІШКЕК.ҚазАқпарат -  Халықаралық авиация комитетінің (ХАК) комиссиясы «Манас» әуежайы маңына құлаған «Боинг-747» жүк ұшағы апатын тексеруді бастады, деп хабарлайды  «ҚазАқпарат» ХАА Бішкектегі меншікті тілшісі. Бұл туралы Қырғызстан ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеген.

«Қырғызстан мүшелік ететін азаматтық авиация және әуе кеңістігін қолдану туралы мемлекетаралық келісім мен елдің авиациялық заңнамасы негізінде ХАК комиссиясы ҚР өкілдерінің қатысуымен әуе апатына техникалық тексеріс жүргізуді бастады», - делінген хабарламада.

Халықаралық құжаттарға сәйкес оған Түркия (әуе кемесін тасымалдаушы және тіркеуші мемлекет ретінде) және АҚШ (лайнер мен қозғалтқышты жасап шығарушы ел) өкілдері қатысуда. Техникалық комиссия апат салдарын жою және зардап шеккендер мен марқұм туыстарына көмек көрсету жөніндегі Қырғызстан үкіметтік комиссиясымен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетсек, 16 қаңтарда сағат таңғы 7.31-де Бішкектің Дача-Суу ауылында әуежайға жақын жерде Гонконгтен Түркияға бет алған жүк ұшағы құлады. Апат салдарынан 37 адам қаза тапқан.

17 қаңтар Қырғызстанда аза тұту күні болып белгіленді.