Халықаралық авиация комитетінің комиссиясы Қырғызстандағы Boeing апатын тексеруге барады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Халықаралық авиация комитеті (ХАК) Қырғызстан билігінен Бішкек түбінде апатқа ұшыраған түркиялық Boeing апатын тексеру жөнінде ресми сауал алды.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне ХАК өкілі Светлана Колесникова хабарлады.

 

 «Қырғызстан тарапынан ресми сауал келді, әуе апатының мән-жайын анықтайтын ХАК комиссиясы құрылды», - деді ол.

Оның айтуынша, комиссия құрамына төрт ХАК сарапшысы енген. «Олар бүгін апат орнына аттанады», - деп атап өтті комитет өкілі.