Халықаралық авиарейстердің дені Алматы қаласына келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 29 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Иран, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте елімізге 3 780 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 604 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 239 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 466 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 335 жолаушы;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 136 жолаушы.

«Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келді», - деді министрліктің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен.