Халықаралық әйелдер мерекесі кезінде Beeline абоненттері бір-бірін 63,99 млн. рет құттықтады
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға және әдеттегі жай күнгі көрсеткіштен 40 пайыз жоғары. Қоңырау соғудың ең жоғары көрсеткіші - күндізгі сағат 11-де орын алды. Онда 5 231 721 қоңырау шалынды. Ал SMS және MMS-хабарлама түріндегі құттықтаулар саны 12 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 2 пайызға жоғары және күнделікті жолданатын хабарламалар көлемінен 2,8 есеге артық. «КаР-Тел» ЖШС PR менеджері Анар Жұмағұлованың айтуынша, Халықаралық әйелдер күні жолданған SMS/MMS хабарламалар көлемі 31 желтоқсандағы хабарламалар көлемінен 11 пайызға жоғары болды. Сондай-ақ 2012 жылмен салыстырғанда биылғы мейрам күні мобильді интернет-трафик көлемі 2,3 есеге өсіп отыр.
«Әдетте біз мейрам күндерінің қорытындысы бойынша статистикалық көрсеткіштерді салыстырамыз. Айталық, әрбір хабарлама бір қағаз ашық хатты алмастыратын болса, Beeline абоненттері 8 наурызда 120 тонна қағазды үнемдеп, 6000 ағашты кесілуден сақтап қалды. Тағы бір қызық жағдай: SMS-мәтінінің жалпы ұзындығы Шекспирдің «Ромео және Джульетта» пьесасынан 19 есеге асып түсті», - дейді А.Жұмағұлова.