«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Елбасы Жолдауларының негізгі басымдықтарын түсіндіруді жалғастыруда

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жыл сайынғы Жолдауларының негізгі басымдықтарын түсіндіруге арналған кеңес өткізді.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі Бақыт Сыздықова, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, стратегиялық жоспарлау және сараптау басқармасының бастығы Рысбек Абатұлы және «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы Нұрлан Өтешов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице президенті Бейсенбай Мұқановқатысып, баяндама жасады.

Кеңесте елдің Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жобалары, жастар саясаты, білім беру және тағы да басқа көкейтесті мәселелер әңгіме арқауы болды.