Бану Нұрғазиева Орталықтың ағымдағы жұмысы туралы, аймақтық байқаушылар желісін қалыптастыру және оқыту барысы, барлық сайлау процесіне қатысушылармен, саяси партиялардың өкілдерімен және халықаралық бақылаушылармен өткізілген кездесулер туралы айтты.
Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының өкілдері өз кезегінде қазіргі әлемдегі демократияның әртүрлі модельдерінің қызмет ету ерекшеліктерін зерттеу, Ресейдің модернизациялау модельдерін жасау және бейімдеу, Ресейдегі саяси институттардың тиімділігін, тұрақтылығы мен заңдылығын зерттеу тәжірибелерімен бөлісті.