Естеріңізге сала кетейік, аталмыш федерация 2012 жылы бендиден әлем чемпионаты Алматыда өтеді деп шешкен болатын. Борис Скырынник өз сөзінде бүгінгі жалауды табыстау рәсімі алдағы әлем чемпионатын өткізуді растау шарасы екендігін атап өтті. Ұйым туын қабылдап алған қала әкімі әлемдік чемпионатты Қазақстанда өткізу мүмкіндігі мен құрметі үшін қонаққа алғысын білдіріп, «Медеуде» аталмыш ойындарды сәтті өткізу үшін қолдан келгеннің барлығы жасалатынына сендірді.
14:00, 02 Ақпан 2011
Халықаралық бенди федерациясының президенті Алматы әкіміне ұйым жалауын табыс етті
АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін «Медеу» мұз айдыны кешенінде Халықаралық бенди федерациясының президенті Борис Скырынник Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке аталмыш ұйымның туын салтанатты түрде табыстады.