деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы мектептердің 15 мұғалімі Алматыда көктемгі демалысын өткізуде. ХБА академиясының президент-ректоры Асылбек Қожахметовтың айтуынша, бағдарлама ауыл мектептерінде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін жас мамандардың біліктілігін көтеруге бағытталған. «Жалпы бағдарлама аясында мектептерге қаржылай емес барлық көмек түрін көрсету ұсынылған», дейді Асылбек Қожахметов. Оның сөзіне қарағанда, бағдарлама оның жеке бастамасы және Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар талабына толық сай келеді. «Қазіргі таңда елімізде 200 ауыл мектебі мен 144 жоғары оқу орны бар. Бағдарламада көрсетілгендей, әрбір ЖОО бір ауданның мектептерін қамқорлығына алып, ұстаздардың біліктілігін арттыру бағытында көмек көрсетуі тиіс», дейді ХБА президенті.
Аталған бағдарлама аясында бұған дейін Айыртау ауданы мектептерінің 30 мұғалімі Алматыда білім жетілдірген болатын. Олар Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясында, Мұғалімдер білімін жетілдірудің республикалық институында блім алған еді. Ал ХБА мәдени бағдарламалар ұйымдастырып, оқулықтармен қамтамасыз еткен болатын. Сондай-ақ академия тарапынан олардың жол шығыны, тамақ, тұрғын-жайы ұйымдастырылған.