АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде Қазақстан құрамасы бірінші орында тұр. Бұл жөнінде ҚР бокс федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің есебінде 48 100 ұпай бар. Екінші орындағы Өзбекстан боксшыларында – 37 600 ұпай болса, үздік үштікті 36 300 ұпаймен Үндістан боксшылары түйіндеп тұр», - деп жазылған федерация таратқан хабарламада.
Ведомство мәліметінше, IBA рейтингінде барлығы 135 ұлттық федерация боксшылары ұсынылған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.