АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Дондағы Ростов қаласында таеквондодан өткен халықаралық «Don Cup » турнирінде отандасымыз Жансель Дениз күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ресейдің бүкіл облыстарынан ең мықты спортшылар жиналған додада Қазақстан жастар құрамасы да қатысып, олардың арасынан Жансель Дениз күміс жүлде жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, Жансель Дениз жақында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен халықаралық жарыста тағы да жүлдегерлер қатарынан көрініп, қола жүлде иеленген. Ол өткен жылы Қазақстан құрамасы сапында өткен жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатысты.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.