17:59, 14 Мамыр 2009
Халықаралық энергетикалық агенттік: 2009 жылғы сәуірде әлемде мұнай өндіру күніне 230 мың баррельге артты
ПАРИЖ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат – Парижде бүгін жарияланған Халықаралық энергетикалық агенттіктің баяндамасында 2009 жылғы сәуірде әлемде мұнай өндіру өткен айлармен салыстырғанда шамамен күніне 230 мың баррелге арттырылғаны айтылған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.2009 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша мұнайды жалпыәлемдік өндіру 83,6 млн. барр./күнді құрады. Оның ішінде ОПЕК елдерінен мұнайды жеткізіп беру сәуірде соңғы сегіз айда алғаш рет ұлғайтылды, ОПЕК-тің 12 елі бойынша сәуірде мұнай өндіру 28,2 млн. барр./күнді құрады. Өткен айлармен салыстырғанда ОПЕК елдерінің мұнайды өндіруі 270 мың барр./күнге арттырылғаны атап айтылған Халықаралық энергетикалық агенттігінің баяндамасында.