Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстары аумағында киіктердің Бетпақдала популяциясының жаппай қырылу фактісін анықтау бойынша ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрғалығымен өткен жұмыс тобының отырысында мәлім болды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қостанай және Ақтөбе облыстарында қырылған киіктердің саны 112 мың 475-ке жетті. Ал Ақмола облысының Жарқайың және Жақсы аудандарында қазіргі кезде 8502 киіктің өлексесін жою шаралары жүргізілді. Олардың ішінде 90 пайызы - аналық жануарлар.
Қазақстандың биологиялық әртүрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметінше, 2014 жылы мемлекеттік киік санағының нәтижесі бойынша Қазақстандағы киіктердің саны 300 мыңнан асқан.