Шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдава, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей, Үндістан, Иран, Қытай және Түркия елдерінің режиссерлері 40-қа жуық деректі фильм ұсынып отыр.
«Мұндай фестиваль тек Қазақстанда ғана емес Орталық Азияда да алғаш рет ұйымдастырылды. Біздің фестиваль халықтар арасында айрымашылықты емес, біздерді біріктіретін ерекшеліктерді паш етуге бағытталған», - дейді кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков.
Айта кетейік, фестиваль халықтар диалогы мен мәдениеттерді дамыту, ұлттық фильмдерді интеграциялау, жалпы әлемдік киноматографиялық процесте этно-антропологиялық бағытты дамыту мақсатында өткізілуде. Мәдени шараның басты мақсаты - әлемдік дәстүрлі мәдениеттің әралуан қайнарларының жемісті екендігін, қазіргі адамдардың рухани жағынан кемелденуі мақсатында оны сақтау қатежттігін кино арқылы көрсету.