Халықаралық ғарыш стансасы ғарыш қоқыстарымен соқтығысып қалуы мүмкін

None
АСТАНА.  Қыркүйектің  3-і. ҚазАқпарат -  Халықаралық  ғарыш  стансасының  экипажына     стансаның  орбитасын   түзету   қажеттілігі  туындауы  ықтимал.   Бұл шара  -  

орбиталдық кешенге  қарай  жылжып  келе жатқан  осыдан    3 жыл бұрын ұшырылған  еуропалық Ariane 5      зымыраны  сынықтарымен  соқтығысып қалмау  үшін   қабылданады,  деп  хабарлайды РБК агенттігі.

Қазір NASA мамандары     зымыран сынықтарының  траекториясын    есептеуде   және  стансаны   қауіпсіз орбитаға ауыстыру  үшін    астронавтардың Халықаралық  ғарыш стансасының  маневрлік  қозғалтқыштарын  іске қосуына тура келетінін  жоққа  шығармайды.

Орбитаны түзету  қажеттілігі  туралы  нақты шешім   бүгін, астронавтардың  ашық  ғарышқа   шығуы кезінде  қабылданады,  деп хабарлайды  NASA-ның баспасөз қызметінен.