Халықаралық ғарыш стансасы шамамен 2,2 шақырымға көтеріледі

АСТАНА. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат - Ресейдің Ұшу сапарларын басқару орталығы бүгін халықаралық ғарыш стансасының орбитасына түзету енгізеді. Бұл шара стансаның «Союз» ғарыш кемесімен оңтайлы жағдайда түйісуін қамтамасыз ету үшін қажет,

  деп   хабарлайды  «Маяк»  радиостансасы.

«Прогресс М-67»   жүк кемесінің  двигательдерін  қосу туралы пәрмен   мәскеу уақыты  бойынша  сағат 12.15-те беріледі. Двигатель жұмыс істеп тұратын   459 секундтың ішінде     халықаралық ғарыш стансасы  шамамен  2,2 шақырымға      көтеріледі.