Халықаралық ғарыш стансасын құрғандар Нобель сыйлығына ұсынылды

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресей ғылым академиясы Роскосмостың Халықаралық ғарыш стансасын құрған адамдарды Нобель сыйлығына ұсыну керек деген ұсынысын қолдады.

Бұл туралы «Новости космонавтики» сайты хабарлап отыр. Айта кетейік, Халықаралық ғарыш стансасы 1998 жылы салынып, орбитада 16 жылдан бері жұмыс істеп келеді.