Халықаралық ғарыш стансасына кезекті жүк кемесі аттанады

АСТАНА. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат - Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына ресейлік «Прогресс М-67» жүк кемесі аттанады.

«Роскосмос»    федералдық ғарыш  агенттігінен  хабарлағандай, кеме  бүгін,  шілденің 24-інде    мәскеу уақыты  бойынша 14:57-де  ұшырылады.   Жүк кемесі орбитаға   2,5 тоннадан  астам  жүк,  атап  айтқанда     азық-түлік, су,  отын,  стансаға    қажетті жабдықтар,  сондай-ақ     экипаж мүшелерінің  отбасыларынан  сәлем-саухаттар     жеткізеді,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат  ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

Халықаралық  ғарыш  стансасында  қазір  ресейлік ғарышкерлер - Геннадий Падалка мен Роман Романенко, американ  астронавтары  -Майкл Барратт  пен  Тимоти Копр,   бельгиялық  ғарышкер Франк де Винна мен  канадалық Роберт Тирска  бар.