Халықаралық ғарыш стансасына Максим Сураев, Джеффри Уильямс және Ги Лалиберте аттанады

АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Халықаралық ғарыш стансасына аттанатын «Союз ТМА-16» кемесінің бортына ресейлік ғарышкер Максим Сураев, НАСА астронавты Джеффри Уильямс және канадалық ғарыш туристі Ги Лалиберте көтеріледі.

Байқоңырда    халықаралық ғарыш стансасына   кезекті  экспедицияға аттанатын 21-ші   экспедицияның    құрамын  бекіткен Мемлекеттік комиссия бүгін  осындай  нақты   ұйғарым  жасады,  деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Максим Сураев пен   Джеффри   Уильямстың   сапары  жарты  жылға  созылады.   Ал турист   орбитада 11 тәуліктей  болады және   Жерге  қазанның  11-інде 20-шы экспедицияның   экипажымен -  Геннадий Падалка және Майкл Барратпен   оралады.