Жаңа рекорд қазанның 22-сінде мәскеу уақыты бойынша сағат 11.13-те орнатылды. Кезіндегі «Мир» стансасының рекорды 3 мың 641 сағатты құрап еді. Ғарышкерлер аталмыш стансаның бортында 10 жылға жуық уақыт - 1989 жылдың қыркүйек айының 8-і мен 1999 жылдың тамыз айының 28-і аралығында үзіліссіз болды.
Ал Халықаралық ғарыш стансасы алғашқы экспедицияның 10 жылдық мерейтойын қарашаның 2-сінде атап өтеді. 2000 жылдың қараша айында құрамына американдық астронавт Уилльям Шепард пен ресейлік ғарышкерлер Юрия Гидзенко мен Сергей Крикалев кірген экипаж Халықаралық ғарыш стансасына алғаш аяқ басқан еді.