Халықаралық ғарыш стансасының экипаж командирі американдық астронавт Стивен Свонсон, астронавт Рид Вайзман мен еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Александр Герст 12 маусым күні Бразилияда басталатын футболдан әлем чемпионатын қызыға бақылайтындарын жеткізді. Олар арнайы видеоүндеу жазып, онда турнирдің барлық қатысушыларына сәттілік тіледі. ХҒС экипажының үндеуінде: «Біз барлық командалар мен олардың жанкүйерлеріне Бразилиядағы чемпионат жақсы өтсін деп тілейміз. Мықтылар жеңсін! Сәттілік!», - деп ақ тілектерін білдірді ғарышкерлер.
11:53, 12 Маусым 2014
Халықаралық ғарыш стансасының бортында футбол ойналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ХҒС экипажы футболдан әлем чемпионатының қатысушыларына видеоүндеу жазып жіберген. Видеоға ғарыш стансасының ішіндегі футбол ойынынан үзінді түсіп қалған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.