Халықаралық ғарыш стансасының экипажы Қазақстан жеріне қонды

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 14 мамыр күні таңсәріде үш ғарышкері бар «Союз ТМА-07М» басқарылатын көлік кемесінің капсуласы Қазақстан жеріне сәтті қонды.

Бұл туралы «Союздың» жерге оралуын тікелей трансляция арқылы көрсеткен NASA агенттігіне сілтеме жасап, РБК мәлімдеді.

Жоспарланғандай, кеменің жерге қонатын аппараты 14 мамыр күні мәскеу уақыты бойынша 06:31-де Жезқазған қаласының оңтүстік-батысына қарай 147 шақырым жерде қонды.

Бұған дейін Ұшуды басқару орталығында «Союз ТМА-07М» кемесі мәскеу уақытымен 03:38-де Халықаралық ғарыш стансасынан ажырағанын хабарлаған болатын.