Халықаралық ғарыш стансасының ұшу орбитасы 2 шақырымға көтеріледі
11:34, 15 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Ашық космоста арнайы операция жүргізіледі. Халықаралық ғарыш стансасының ұшу орбитасы 2 шақырымға арттырылады. Бұл шара экипаждың қыркүйектің 24-інде «Союз» кемесімен жерге оралуына жағдай жасау үшін және қазанның 8-іне белгіленген жаңа «Союз» кемесімен түйісуге әзірлік үшін жасалады, деп хабарлайды РСН агенттігі.
Ұшу сапарларын басқару орталығының баллистикалық қызметінен хабарлағандай, ғарыш маневрі Мәскеу уақыты бойынша 13.04-те басталып, дәл 526 секундқа созылады. Осы операцияның нәтижесінде Халықаралық ғарыш стансасының орбитасы 356 шақырымға жетеді.