Халықаралық ғарыш стансысында келесі жылдың көктеміне дейін екі экипаж жұмыс істейтін болады

ҚОҢЫР. 20 желтоқсан. /Сара Қабиқызы/ - 2010 жылғы 18 желтоқсан күні «Союз ТМА-20» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансысымен түйіскеннен кейін орбитада екі экипаж жұмыс істей бастады. Скотт Келли, Александр Калери мен Олег Скрипочкидің құрамындағы 26-шы ұзақ экспедициясына Дмитрий Кондратьев, Паоло Несполи және Кэтрин Колман келіп қосылды.

Енді стансыда Ресейдің үш өкілі, АҚШ-тың бір өкілі мен бір италяндық - Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты бар.

Ресейғарыш баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың алтауы да келесі жылғы наурыз айының ортасына дейін біріккен экипаж құрамында жұмыс істейді. Содан соң 2010 жылғы қараша айының соңынан бері Халықаралық ғарыш стансысында жүрген ресейлік азаматтар Олег Скрипочка, Александр Калери мен америка астронавты Скотт Келли үйлеріне оралады, ал Кондратьев, Несполи мен Колман мамыр айына дейін ғарышта болады.

Ғарышқа келген 27-экспедиция орбитаға ғылыми аппарат, жеке заттар, жаңа жылдық сыйлықтар, жеміс-жидек алып барған.