АСТАНА. ҚазАқпарат - 2-3 желтоқсан күндері Жапонияның Токио қаласында дзюдодан кезекті әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, «Grand Slam» турниріне 65 елден 452 дзюдошы қатыспақ.
Аталған халықаралық додада Қазақстан намысын үш дзюдошы қорғайды. Олар: Рустам Ибраев (60 кг), Дидар Хамза (81 кг) және Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг).
IJF ережесіне сәйкес, «Grand Slam» турнирінде жеңімпаз атанған дзюдошыға 1000 ұпай, екінші орынға - 700 ұпай, үшінші орынға 500 ұпайдан беріледі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.