Жоба аясында халықаралық инспекторлар қазақстандық порттарға кіретін шетелдік кемелерді тексеру бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізді. Іс-шара барысында порттық бақылау тексерісін жүргізу процедуралары бойынша жаңадан қабылданған IMO қарарына сәйкес инспекциялық қызметтің құқықтық аспектілері; машина бөліміне, кеме жүйелеріне және жабдықтарға қойылатын халықаралық IMO конвенциясының талаптары бойынша мәселелер қаралды.
Бұдан бөлек, халықаралық инспекторлар Ақтау портында кемелерді, кеменің портқа келер алдында құжаттарын тексеру үшін инспекторлар қолданатын RuleCheck біріктірілген еуропалық жүйенің жұмысын көрді.
Семинар барысында бірқатар қазақстандық кемелер мен Иранның 2 кемесі тексерілді.
Иран кемесінің біреуінде кеме қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, кемедегі құрал-жабдықтарда ақау бары және халықаралық конвенцияларға сәйкес техникалық эксплуатация талаптары мен нормалары сақталмағаны белгілі болды.
Кемеге қатысты ескертпелердің басым бөлігі сол жерде түзетілді.