«17 жастағы жеткіншек өткен жылдың желтоқсанында Шымкентте қарақшылық шабуыл жасады. Осы әрекетінен соң оған халықаралық іздеу жарияланды. Полиция баукеспені Атырау қаласында қолға түсіріп, қамауға алды. Осы уақытта ҚР ҚК-нің 192 бабының 2 бөлімі бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталды»,-деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаметі баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.
Ол өткен жылы облыста полиция мен сот органдары халықаралық іздеу жариялаған 88 адамның ұсталғандығын айтты. Биылғы жылы халықаралық іздеуде жүрген 23 адам ұсталды, олардың 5-уі шетел азаматтары.